Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 19 қараша 2026 $ 444,1↓€ 487,6↓₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайраттың» 14 футболшысы еңбек сіңірген спорт шебері атанды • Андреева мен Швёнтек WTA-да «құрғақ» сеттер саны бойынша көш бастады • Сергей Плотников Ресейдің СКА клубынан кетуі мүмкін • Накамура Карлсенді Асаубаеваға қарсы ойыннан бас тартқаны үшін сынады • Төреғали Төреәлі махаббат пен сағыныш туралы жаңа әнін таныстырды • Аймира Аман ұлдарының видеосын жариялап, желі қолданушылары жылы лебіз білдірді • «Қайраттың» 14 футболшысы еңбек сіңірген спорт шебері атанды • Андреева мен Швёнтек WTA-да «құрғақ» сеттер саны бойынша көш бастады • Сергей Плотников Ресейдің СКА клубынан кетуі мүмкін • Накамура Карлсенді Асаубаеваға қарсы ойыннан бас тартқаны үшін сынады • Төреғали Төреәлі махаббат пен сағыныш туралы жаңа әнін таныстырды • Аймира Аман ұлдарының видеосын жариялап, желі қолданушылары жылы лебіз білдірді •

    «Қайраттың» 14 футболшысы еңбек сіңірген спорт шебері атанды

    «Қайрат» футбол клубының 14 ойыншысы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды. Марапаттау рәсімі Тимур Сегізбаев атындағы академияда өтті.

    «Қайраттың» 14 футболшысы еңбек сіңірген спорт шебері атанды

    Фото: әлеуметтік желіден

    Алматылық «Қайрат» футбол клубының 14 ойыншысына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері құрметті атағы берілді. Марапатталғандардың қатарында жас шабуылшы Дастан Сәтпаев та бар.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Салтанатты рәсім Тимур Сегізбаев атындағы футбол академиясында өтті. Құрметті атақты футболшыларға «Қайрат» клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев, бас директоры Асқар Есімов және Қазақстан футболының ардагерлері Құралбек Ордабаев пен Ваит Талғаев табыстады.

    Аталған атаққа ие болған футболшылар: Темірлан Анарбеков, Дамир Қасабұлат, Әділет Садыбеков, Еркін Тапалов, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лев Кургин, Олжас Байбек, Азамат Тұяқбаев, Шерхан Қалмұрза, Мансұр Бірқұрманов, Мұхамедәли Әбіш, Рамазан Бағдат және Дастан Сәтпаев.

    Айта кетейік, Дастан Сәтпаев қазір Англияда жүргендіктен, марапаттау рәсіміне қатыса алмады.

    Салтанатты шарадан кейін футболшылар академияның жас тәрбиеленушілерімен кездесіп, оларға ақыл-кеңестерін айтып, спортта биік жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді.

    «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» – спорттағы ең жоғары құрметті атақтардың бірі. Ол спортта ерекше жетістікке жеткен, халықаралық деңгейде ел намысын қорғаған спортшыларға беріледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →