Қостанай облысында 10 жастағы оқушы дәретханада зорлық көрген
Фото: Pixabay
Полиция 2026 жылғы 16 қарашада Қамысты ауданында болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады QazaqToday.info ақпарат порталы.
Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы мұқият тексеріліп жатыр. Асығыс қорытынды жасамауды сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке дейін жаза қарастырылғанын еске саламыз. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды, – деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.
