Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды
Қарағанды облысы Шет ауданындағы Ағадыр–Мойынты бағытындағы 140 шақырымдық жолдың ой-шұңқыры көбейіп, жүргізушілер 1,5 сағаттық жолды 4–5 сағатта жүріп өтеді. Тұрғындар жөндеу жұмыстарын талап етеді.
Видеодан кадр
Қарағанды облысы Шет ауданындағы Ағадыр–Мойынты бағытындағы 140 шақырымдық жолдың жағдайы тұрғындар мен жүргізушілердің наразылығын тудырды. Жолдың ой-шұңқыры көбейіп, кейбір бөліктері көлікпен жүруге қиындық келтіреді, салдарынан жүргізушілер 1,5 сағаттық жолды 4–5 сағатта әрең жүріп өтеді. Қыс мезгілінде қалың қар мен боран жағдайды одан әрі қиындатып, жол қозғалысына кедергі келтіреді. Ал Мойынты — Қытай, Еуропа, Орталық Азия және Ресей бағыттарын байланыстыратын маңызды теміржол торабы. Осындай стратегиялық нысанға апаратын жолдың жөндеу көрмеуі жергілікті халықтың орынды наразылығын күшейтіп отыр. Қарағанды облысының жауапты органдары Ағадыр–Мойынты жолын қашан жөндейді және бұл мәселе бойынша нақты жоспар бар ма?
Видео: @newskor.rg
