Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған • Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған • Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды •

    «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған

    «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған

    Фото: видеодан скрин

    Super.mamasita лақап атымен танымал блогер Әлия Байтуғаева қайырымдылық мақсатында бір отбасыға көмектеспек  болған,деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Алайда тексеру барысында әйелдің айтқан мәліметтері шындыққа сәйкес келмейтіні анықталған.

    Блогердің айтуынша, әйел балаларымен бірге бұл үйде 2017 жылдан бері тұратынын айтқан. Алайда үйдің бос тұрғаны бірден байқалған. Әйел бастапқыда айтқан сөзінен қайтпай, жағдайды түсіндіруге тырысқан. Бірақ ұлының мойындауынан кейін шындықты жасырмаған.

    Кейін әйел бұл жерде тұрмайтынын, үй иесінің рұқсаты болмағандықтан блогерлерді ол жаққа шақыра алмайтынын айтқан. Алайда пәтердің нақты кімге тиесілі екені және әйелдің бұл жағдайға неліктен барғаны белгісіз күйінде қалған.

    Блогер бұл оқиғаны жариялаудағы мақсаты біреуді қаралау немесе хайп жасау емес екенін атап өтті. Ол адамдардың қайырымдылыққа деген сенімін теріс пайдалануға болмайтынын айтып, видеоға түскен адамдардың жүздерін әдейі жасырған.

    «Мен ешкімге тегін жөндеу жасап беруге міндетті емеспін. Біреудің есебінен пайда көргісі келетіндер болса, бұл сіздерге арналмаған. Еңбек етіп, ақша жинап, өз күштеріңізбен жағдай жасауларыңыз керек», – деп жазды блогер.

    Сонымен қатар ол қайырымдылықтың да екінші жағы бар екенін айтып, адамдарды өзгелерді алдамай, ең алдымен өз ар-ұжданының алдында шыншыл болуға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →