Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан •

    Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты

    Асхат Тарғын ақтөбелік әнші Жәнібек Бекбосыновтың дүниеден өтуіне байланысты әлеуметтік желіде көңіл айтып, марқұммен бірге өткізген күндерін еске алды.

    Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты

    Сурет: kznews.kz

    Танымал әнші Асхат Тарғын ақтөбелік өнерпаз Жәнібек Бекбосыновтың дүниеден өтуіне байланысты әлеуметтік желіде жазба жариялады. Өнер иесі марқұммен бірге өткізген күндерін еске алып, оның отбасына көңіл айтты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Әншінің айтуынша, олар бірнеше жыл бойы араласып, Ақтөбеде өткен концерттерде бірге өнер көрсеткен. Сондай-ақ түрлі шығармашылық сапарларда да қатар жүрген.

    «Жәнібек Бекбосынов, жерлесім, замандасым, талантты әнші Раббысына қайтты деген хабар естіп, көңілім түсіп отыр. Ақтөбеде талай концертте бірге жүріп едік, талай сапарлас болып едім. Алла жаныңды жәннатта шалқытсын! Өте жақсы жігіт еді. Отбасына қайғыра көңіл айтамын», – деп жазды Асхат Тарғын.

    Өнер иесі марқұмның жарқын бейнесі мен адамгершілік қасиеттерін атап өтіп, жақындарына сабыр тіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →