Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан •

    Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар

    Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар
    Фото: видеодан скрин
    Астана-Петропавл тасжолында Volvo жүк көлігі, Hyundai Genesis және Lada Granta автокөліктері соқтығысты. Жол апатынан бес адам зардап шекті. Олардың арасында небәрі төрт күндік нәресте бар, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 2026 жылғы 7 қарашада автожолдың 312-шақырымында болған. Оқиға салдарынан Hyundai Genesis көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

    «Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады», – деп мәлімдеді полиция.

    Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен жолаушылардың бірі – небәрі төрт күндік нәресте. Бұл туралы Instagram желісіндегі nayza_kokshe парақшасы хабарлады.

    Болжам бойынша, апатқа тіркемесі ажырап кеткен жүк көлігі себеп болуы мүмкін. Тіркеме артында келе жатқан автокөлікке соғылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →