Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды • Қазақстандық мерген 25 метрден атыс бойынша әлем чемпионатында финалға шыға алмады • «Милан» — «Ференцварош»: Еуропа лигасындағы матч тікелей эфирде • Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды • Зеленский АҚШ өкілдерімен 90 минут сөйлесті: Абу-Дабидегі келіссөздерге дайындық • Танымал ақын Ербол Бықыбаев қамауға алынды • Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды • Қазақстандық мерген 25 метрден атыс бойынша әлем чемпионатында финалға шыға алмады • «Милан» — «Ференцварош»: Еуропа лигасындағы матч тікелей эфирде • Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды • Зеленский АҚШ өкілдерімен 90 минут сөйлесті: Абу-Дабидегі келіссөздерге дайындық • Танымал ақын Ербол Бықыбаев қамауға алынды •

    Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды

    Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына алғаш рет қыз жауынгер қабылданды

    Фото: Ұлттық ұлан

    Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына тарихта алғаш рет қыз әскери қызметкер қабылданды. «Китана» лақап атымен танылған Қымбат енді арнайы жасақ құрамында қызмет етеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы хабарлады.

    Ол Дубайда өткен SWAT Challenge халықаралық жарысында «Томирис» қыздар командасының сапында өнер көрсетіп, әйелдер арасындағы санатта Қазақстанға алтын медаль әперген. Жарыстағы мергендігі мен шеберлігі арнайы жасақ өкілдерінің назарын аударған.

    Қымбат – қоян-қолтық ұрыстан алты дүркін Қазақстан чемпионы, джиу-джитсудан үш дүркін әлем және Азия чемпионы. Сондай-ақ ММА, самбо және басқа да спорт түрлерінен халықаралық жарыстардың жүлдегері.

    Қазір оның басты мақсаты – күрең берет сынағынан өту. Бұл межені бағындырса, Ұлттық ұлан тарихында күрең берет алған алғашқы қыз жауынгер атанады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →