Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады • «Әйелді жұма сайын ұру керек»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады • «Әйелді жұма сайын ұру керек»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады •

    «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды

    «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды

    Фото: Видеодан скрин

    Әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде 38 және 39 жастағы екі әйел Ұлттық қауіпсіздік комитетінің атына кір келтіріп, олардың бірі өзін «террорист» деп атаған. Көп ұзамай екеуін де полиция алып кеткен, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Тікелей эфир барысында әйел ҰҚК қызметкерлері оны бұрыннан танитынын мәлімдеген.

    «20 жылдан бері террористпін. Бүкіл “КНБ” мені таниды. Өздері қарап отыр бізді, тізімде бірінші тұрмын», – деген ол.

    Полиция мәліметінше, әйелдерге қатысты үш әкімшілік іс қозғалған.

    «Оларға қатысты ұсақ бұзақылық, құқыққа қайшы контентті тарату, сондай-ақ қоғамдық орындарда адамның жеке басын анықтауға кедергі келтіретін киімдерді кию деректері бойынша үш әкімшілік іс қозғалды», – деп хабарлады ПД.

    Әкімшілік істердің материалдары сотқа жолданған. Сонымен қатар әйелдер теологпен профилактикалық әңгімеге қатысып, полиция қызметкерлерінен заң талаптары мен қоғамдық тәртіп нормалары бойынша түсініктеме алған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →