Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды • Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды • «Қайрат» клубының бұрынғы қақпашысы Александр Убыкин өмірден өтті • Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды • Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді • Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды • Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды • «Қайрат» клубының бұрынғы қақпашысы Александр Убыкин өмірден өтті • Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды • Бурабайдағы орман өрті оқшауланып, толық сөндірілді •

    Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды

    Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов жаттығу кезінде омыртқасын жарақаттап, 29 қазанда Таразда басталатын бокстан Қазақстан чемпионатына қатыспайды.

    Сәкен Бибосынов жаттығуда ауыр жарақат алып, Қазақстан чемпионатына қатыспайды

    Фото: ҰОК

    Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов жаттығу барысында ауыр жарақат алды. Боксшының омыртқасы зақымданған. Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Журналистің дерегінше, жарақатына байланысты Сәкен Бибосынов 29 қазанда Таразда басталатын бокстан Қазақстан чемпионатына қатыспайды.

    Аслан Қаженов алдағы ел біріншілігінде Азия ойындарында жүлде алған бірқатар боксшының да өнер көрсетпейтінін атап өтті. Оның айтуынша, ұлттық құрамаға ел чемпионатында өз мықтылығын дәлелдеген спортшылар іріктеледі.

    «Өкінішке қарай, кеше жаттығу барысында ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Омыртқасына зақым келді. Тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деп жазды журналист.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →