Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Премьер-министр мен Құрылтай төрағасымен консультация өткізді • Пәтерін сатып жіберген: Алматыда төрт еркек зейнеткерді өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО) • Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды • Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды • «Қайрат» клубының бұрынғы қақпашысы Александр Убыкин өмірден өтті • Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен • Тоқаев Премьер-министр мен Құрылтай төрағасымен консультация өткізді • Пәтерін сатып жіберген: Алматыда төрт еркек зейнеткерді өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО) • Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды • Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды • «Қайрат» клубының бұрынғы қақпашысы Александр Убыкин өмірден өтті • Алматыда ірі жол апаты болды: кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен •

    Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

    Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барларға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

    Фото: istockphoto.com

    Павлодарда көпқабатты үйдің ПИК төрағасы тұрғындардың ортақ шотынан бір жыл ішінде 2,5 миллион теңге жұмсаған.

    Мәліметке сәйкес, ер адам 2023 жылдың желтоқсанында Ломов көшесіндегі көпқабатты үйдің мүлік иелері бірлестігінің (ОСИ) төрағасы болып сайланған. Алайда арада алты ай өткенде, 42 жастағы павлодарлық тұрғындардың ортақ ақшасын жеке қажетіне жұмсай бастаған.

    Тергеу барысында оның 2024 жылғы маусымнан 2025 жылғы мамырға дейін пәтер иелеріне тиесілі банк шотын пайдаланғаны анықталған. Ол қаражатты барларда, асханаларда, кондитерлік дүкендерде, сыраханаларда, азық-түлік және ет дүкендерінде жұмсаған. Кейде банкомат арқылы қолма-қол ақша да шешіп отырған.

    Бұл жағдай бір жылдан кейін әшкереленген. Ол кезде ер адам аталған үйде тұрмайтын болған.

    Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қаулысында жәбірленуші тараптың өкілі сот отырысында істі тоқтату туралы өтініш бергені көрсетілген. Бұған айыпталушының келтірілген шығынды толық өтеуі себеп болыпты. ПИБ өкілінің оған ешқандай талабы жоқ екені айтылды.

    Сот тараптарға қылмыстық істі тоқтатудың құқықтық салдарын түсіндірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →