Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өскемендегі дәмханада полиция қызметкері қаза тапты • Бодрумда ресейлік жасөспірімге алып сегізаяқ шабуылдады • Қайрат Нұртас Алматыдағы Орталық стадионда 40 мың көрерменге мерейтойлық концерт берді • Ақмола облысында итті балтамен өлтірген ер адамға 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды • Алматыда түнгі ойын-сауық орнында жаппай төбелес болды • Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік даму комитеті алғашқы отырысын өткізді • Өскемендегі дәмханада полиция қызметкері қаза тапты • Бодрумда ресейлік жасөспірімге алып сегізаяқ шабуылдады • Қайрат Нұртас Алматыдағы Орталық стадионда 40 мың көрерменге мерейтойлық концерт берді • Ақмола облысында итті балтамен өлтірген ер адамға 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды • Алматыда түнгі ойын-сауық орнында жаппай төбелес болды • Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік даму комитеті алғашқы отырысын өткізді •

    Бодрумда ресейлік жасөспірімге алып сегізаяқ шабуылдады

    Түркияның Бодрум қаласында ресейлік жасөспірімге алып сегізаяқ шабуылдап, оны су астына сүйреп кете жаздады. Жасөспірім құтылып, медициналық көмек алды.

    Бодрумда ресейлік жасөспірімге алып сегізаяқ шабуылдады

    Сурет: pexels.com

    Түркияның Бодрум қаласында демалып жүрген ресейлік жасөспірімге алып сегізаяқ жабысып, оны су астына сүйреп кете жаздады. Оқиға бала суға шомылып жүрген сәтте орын алған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ақпаратқа сәйкес, сегізаяқ жасөспірімнің денесіне сорғыштарымен жабысып қалған. Жасөспірім моллюсканы өздігінен ажыратып үлгерген. Сегізаяқ қайтадан суға қарай кетуге әрекеттенген кезде, ол оны жағаға шығарып, әкесіне көрсеткен.

    Оқиғадан кейін жас турист медициналық пунктке жеткізілген. Дәрігерлер оның денесіндегі сегізаяқтың сорғыштарынан қалған іздерді тексерген. Жасөспірімнің жағдайы жақсы болғандықтан, ауруханаға жатқызу қажет болмаған. Келесі күні ол қайтадан теңізге шомылуға барған.

    Оқиға әлеуметтік желіде де қызу талқыланып, демалушыларға теңіз жануарларына жақындағанда сақ болу қажеттігі ескертілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →