Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Мақтанады да жүреді»: Бейбіт Қорған өнердегі әріптестерін сынады • Петухов: «Барыс» Минск «Динамозына» тәртіпсіздіктен ұтылды • Тоқаев: Геологиялық барлау мен инвестициялық жобаларды жүйелі жалғастыру қажет • Қазақстандық 9 теннисші Дюссельдорфтегі WTT Feeder турниріне қатысады • Енді меморгандар мен әкімдіктер е-өтінішпен түскен арызды бір-біріне 3 реттен артық сілтей алмайды • Алматыда жаңа футбол клубы құрылып, екінші лигаға өтінім бермек • «Мақтанады да жүреді»: Бейбіт Қорған өнердегі әріптестерін сынады • Петухов: «Барыс» Минск «Динамозына» тәртіпсіздіктен ұтылды • Тоқаев: Геологиялық барлау мен инвестициялық жобаларды жүйелі жалғастыру қажет • Қазақстандық 9 теннисші Дюссельдорфтегі WTT Feeder турниріне қатысады • Енді меморгандар мен әкімдіктер е-өтінішпен түскен арызды бір-біріне 3 реттен артық сілтей алмайды • Алматыда жаңа футбол клубы құрылып, екінші лигаға өтінім бермек •

    Алматыда түнгі ойын-сауық орнында жаппай төбелес болды

    Алматының Түрксіб ауданындағы ойын-сауық орнында екі әйел арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласты. Полиция қатысушыларды ұстап, қылмыстық іс қозғады.

    Алматыда түнгі ойын-сауық орнында жаппай төбелес болды

    Сурет: instagram.com/almaty.police

    Алматы қаласының Түрксіб ауданында орналасқан ойын-сауық мекемелерінің бірінде түнгі уақытта екі әйел арасындағы жанжал жаппай төбелеске айналды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Алдымен екі әйел ауызша ұрысып, кейін оған өзге де келушілер тартылған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, төбелесті тоқтатты.

    «Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, жанжалды тоқтатты. Барлық қатысушы мән-жайды анықтау үшін Түрксіб аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға қатысушылар алкогольдік мас күйде болған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ әр қатысушының рөлі мен кінә дәрежесі анықталып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

    Тергеу жұмыстары жалғасуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →