Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады •

    Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді

    Бөрлі ауданының прокуратурасы 16–17 жастағы жасөспірімдерге қоғамдық көлікте 50% жеңілдік қарастырылмағанын анықтап, құжатқа өзгеріс енгізді. Ақсайда жол жүру құны 50 теңге болды.

    Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді

    Сурет: inbusiness.kz

    Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының прокуратурасы нормативтік актілерге жүргізген талдау барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарына қатысты заңбұзушылықтарды анықтады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Анықталғанындай, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру туралы аудандық мәслихаттың қолданыстағы шешімі 16–17 жастағы жасөспірімдерге 50 пайыздық жеңілдікті қарастырмаған. Салдарынан олар жол жүру ақысын толық тариф бойынша төлеуге мәжбүр болған.

    Прокурорлық ден қою актісі бойынша құжатқа қажетті өзгерістер енгізілді. Енді Ақсай қаласында кәмелетке толмаған жолаушылар үшін жол жүру құны 50 теңгені құрайды. Ауданның басқа да бағыттарында құнының 50 пайызы мөлшеріндегі осындай жеңілдікті тариф белгіленді.

    «Қабылданған шаралардың арқасында өңірдің 1 155 кәмелетке толмаған тұрғынының заңды құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге қол жеткізілді. Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдары балаларға қатысты заңнаманың қатаң сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда», — деп хабарлайды қадағалау органының баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →