Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 20 қыркүйек 2026 $ 447,3 513,7 5,30
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жоламан Биғабыл Азиада-2026 жеңімпазы атанды

    Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өткен 2026 жылғы Азия ойындарында 55 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.

    Жоламан Биғабыл Азиада-2026 жеңімпазы атанды

    Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл алтын медаль жеңіп алды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қазақстан құрамасының намысын қорғаған спортшы 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

    Финалдық белдесуде Жоламан Биғабыл Өзбекстан өкілі Хумоюнмирза Халимовты жеңіп, Азиада чемпионы атанды.

    Оған дейін қазақстандық спортшы Тәжікстан өкілі Махсатулло Муминовтан басым түссе, жартылай финалда Индонезия спортшысы Мухаммад Жануарды 6:1 есебімен жеңді.

    Бұл — Жоламан Биғабылдың Азия ойындарындағы алғашқы медалі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →