Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті • Сұлтанбек Айбарұлы Тараздағы Қазақстан чемпионатының финалына нокаутпен шықты • Атыраудағы сүру жұмыстары тұрғындардың наразылығын тудырды • Зейнуллинов Қазақстан чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қазақстан Президенті мен Иордания Королі келіссөз жүргізді • Астаналық актер Диас Қалдыбеков «Голодные игры» франшизасының жаңа фильміне түседі • Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алу рәсімі өтті •

    Алексей Луценко Азия ойындарында жекелей уақытқа жарыста алтын алды

    Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко 2026 жылғы Азия ойындарында жекелей уақытқа жарыста алтын медаль жеңіп алды. Бұл оның мансабындағы бесінші алтын жүлдесі.

    Алексей Луценко Азия ойындарында жекелей уақытқа жарыста алтын алды

    Сурет: ҰОК

    Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасының көшбасшысы жекелей уақытқа жарыста жеңіске жетті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Луценко қашықтықты 41:24.05 уақытта бағындырды. Екінші орынды жапониялық Сюнсукэ Имамура иеленсе, үшінші орын Моңғолия өкілі Жамбальямц Сайнбаярға бұйырды.

    Алексей Луценко үшін бұл – Азия ойындарында жеңіп алған мансабындағы бесінші алтын жүлде. Сонымен қатар қазақстандық велошабандоз жекелей уақытқа жарыста қатарынан төртінші рет чемпион атанып отыр. Ол бұған дейін 2014, 2018 және 2022 жылдардағы Азия ойындарында осы бәсекеде топ жарған.

    Бұдан бөлек, Луценко 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында топтық жарыста да чемпион атанды. Сондай-ақ оның қоржынында 2022 жылғы Ханчжоу ойындарының күміс медалі бар.

    Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыста Рината Сұлтанова алтын медаль жеңіп алған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →