Қазгидромет: 14 өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, найзағай мен тұман күтіледі
Қазгидромет синоптиктері найзағай, жаңбыр, тұман және күшті жел ескертті. Бірнеше облыс пен қалада жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Сурет: istockphoto
«Қазгидромет» синоптиктері еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, тұман түсетінін және екпіні күшті жел соғатынын ескертті. Бірнеше облыс пен қалада жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында кешке өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында кешке өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша, сондай-ақ Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Астана қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысында және солтүстігінде жаңбыр мен найзағай, ал шығысында және орталығында аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында таңертең және күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент және Түркістан қалаларында да төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында және оңтүстігінде аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады, ал солтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағанды қаласында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында және солтүстігінде тұман күтіледі. Қостанай қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жетісу облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Абай облысында жоғары өрт қаупі сақталады, ал облыстың солтүстік-батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
