Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайды • Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді • Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды • Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтайды • Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді • Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан жігіт ұсталды • Диас Қалдыбеков «Голодные игры: Рассвет Жатвы» фильміне түсті • «Ештеңе қызық емес болып қалды»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің сезімі туралы айтты • Ресейден 1003 жүк көлігін өткізуге көмектескен шенеунік 10 жылға сотталды •

    Петропавл маңындағы қоқыс полигонында өрт: 6 гектар аумақ жанып жатыр

    Петропавлда қоқыс полигонының маңында өрт шығып, шамамен 6 гектар аумақты шарпыды. СҚО ТЖД 110 қызметкері мен 31 техникасы жұмылдырылды, өрт сөндіру жалғасуда.

    Петропавл маңындағы қоқыс полигонында өрт: 6 гектар аумақ жанып жатыр

    Фото: ТЖМ

    Петропавл қаласында, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының ар жағында, Шаховское ауылының маңында құрғақ өсімдіктер өртеніп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Өрттің шыққанын Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар басқармасы растады. Қазіргі уақытта сөндіру жұмыстары жалғасуда.

    Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шарпыған аумақтың көлемі шамамен 6 гектарды құрайды.

    «Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер бір учаскедегі жануды толық сөндірді. Қалған екі учаскеде өртті жою жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 110 қызметкері мен 31 техникасы жұмылдырылған», – делінген хабарламада.

    Оқиға орнында жедел штаб құрылып, 4 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Сонымен қатар, теміржол кәсіпорнының өрт сөндіру пойызы қосымша тартылды.

    Жағдай Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында.

    Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысының Жамбыл ауданында Ұзынағаш ауылынан шығар жолда жұмыс істеп тұрған қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында да өрт шыққан. Оқиға орнында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды.

    Полигоның жекелеген учаскелерінде қалдықтардың жинақталу тереңдігі 3–5 метрге жетеді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт ошағы оқшауланды, оны сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →