Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді • Қазақстандағы туристік фестивальдер: мәдениет пен табиғат тоғысқан алаң • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды • Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • ЖИ-ға дұрыс промпт жазу: мұғалімге арналған толық нұсқаулық • Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді • Қазақстандағы туристік фестивальдер: мәдениет пен табиғат тоғысқан алаң • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды • Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • ЖИ-ға дұрыс промпт жазу: мұғалімге арналған толық нұсқаулық •

    МӘМС жүйесінде 4 млрд теңгеден астам заңбұзушылық анықталды

    2026 жылы Қазақстанда МӘМС жүйесінде 4 млрд теңгеден астам заңбұзушылық анықталды. Антифрод жүйесі негізсіз төлемдердің алдын алды.

    МӘМС жүйесінде 4 млрд теңгеден астам заңбұзушылық анықталды

    Сурет: ernur.kz

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде 4 млрд теңгеден астам қаржыға қатысты заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылдың қаңтарында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің қарауына берілген. Осыдан кейін қаржылық тәртіпті күшейтуге және бірыңғай цифрлық жүйеге негізделген басқарудың жаңа моделін қалыптастыруға басымдық берілді.

    Хабарламада айтылғандай, негізгі өзгерістердің бірі – кейінгі бақылаудан негізсіз төлемдердің алдын алуға көшу. Бұрын төлемдер ақша аударылғаннан кейін тексерілсе, қазір негізсіз төлемдер қаражат аударылмай тұрып анықталып, олардың алдын алуға мүмкіндік бар. Нәтижесінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында антифрод жүйесі медициналық ұйымдарға аударылуы мүмкін 4 млрд теңгеден астам қаржыға қатысты ақауларды төлем жасалғанға дейін анықтады.

    Еске салайық, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржы жымқыру фактілері бойынша 36 қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлаған еді. Бұл істер бойынша келтірілген залал көлемі 3,5 млрд теңгеден асқан. Заңсыз схемалар арқылы шамамен 140 мың адам медициналық клиникаларға тіркелген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →