Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды • Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • ЖИ-ға дұрыс промпт жазу: мұғалімге арналған толық нұсқаулық • Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізді • Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты • Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты • Алматыда пышақ ұстаған жасөспірімдер видеоға түсіп, ата-аналары жауапкершілікке тартылды • Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • ЖИ-ға дұрыс промпт жазу: мұғалімге арналған толық нұсқаулық • Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізді • Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты •

    Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты

    Қостанай облысының Тобыл қаласында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты, тағы бірі ауруханаға жеткізілді. Оқиға 12 қазан күні кешке Семин көшесінде болған.

    Қостанай облысында КамАЗ екі мотоциклмен соқтығысып, бір адам қаза тапты

    Сурет: Қостанай облысы ПД

    Қостанай облысының Тобыл қаласында КамАЗ бен екі мотоциклдің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиға 12 қазан күні кешке Семин көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, КамАЗ жүргізушісі солға бұрылу кезінде екі мотоциклмен соқтығысқан. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.

    Қостанай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендердің бірі жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

    «Жол апаты салдарынан бір адам жедел медициналық жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Тағы бір зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады полиция.

    Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда барынша мұқият болуға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →