Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекет қатарына енді
Қазақстан World Population Review жариялаған Most Powerful Countries 2026 рейтингінде 100 елдің арасында 34-орынға ие болып, әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді.
Фото: gov.kz
Қазақстан халықаралық статистикалық платформа — World Population Review жариялаған Most Powerful Countries 2026 рейтингінде 100 елдің арасында 34-орынға тұрақтады. Бұл туралы MadeniPortal.kz хабарлайды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Осылайша, еліміз әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді. Қазақстан бірқатар Еуропа, Азия және Таяу Шығыс мемлекеттерінен жоғары орналасқан.
Рейтингте Қазақстан Дания, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы, Норвегия, Сауд Арабиясы сияқты елдерден алда тұр. Ал посткеңестік мемлекеттер арасында Қазақстан Ресейден кейінгі екінші нәтижені көрсетті.
