Қазақстанда 14 тамызда ауа сапасының нашарлауы күтіледі
«Қазгидромет» 14 тамызда Алматы мен Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін хабарлады. Ауа сапасының нашарлау қаупі бар.
Сурет: turkystan.kz
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, 14 тамызда Алматы қаласында, сондай-ақ түнде Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Мұндай жағдайлар кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
