Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Ғұлама Абай: Қазақ елі биыл 10 тамызды қалай атап өтеді және бұл күннің мәні неде?

    Ғұлама Абай: Қазақ елі биыл 10 тамызды қалай атап өтеді және бұл күннің мәні неде?

    10 тамыз – Қазақстандағы ерекше мәдени даталардың бірі. Бұл күн қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы әрі композиторы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Абай күні ретінде аталып өтеді. Абай күні 2020 жылы ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақстандағы мерекелік күндердің ресми тізіміне енгізілді. Алайда бұл дата демалыс күні болып саналмайды. Дегенмен халық бүл күнді ел көлемінде рухани азықтану күні ретінде қабылдап, ғұламаны қастерлейді.

    Абай күнінің басты ерекшелігі – оның белгілі бір тарихи оқиғаны ғана еске алумен шектелмей, ұлттың рухани құндылықтарына назар аударуға мүмкіндік беруінде. Себебі Абай шығармаларында білім мен ғылым, еңбек, адамгершілік, әділет, елдік сана және ұлттық мінез мәселелері кеңінен қозғалады.

    Абай күні ел көлемінде қалай аталып өтеді?

    Бұл күн Қазақстанның барлық өңірінде әдеби-мәдени және ағартушылық шаралармен атап өтіледі. Кітапханалар мен білім беру ұйымдарында Абай оқулары, поэзия кештері, әдеби кездесулер, көрмелер, дәрістер мен пікірталастар ұйымдастырылады.

    Абайдың әндері орындалып, шығармалары мәнерлеп оқылады. Жастар мен оқушылар арасында ақынның өмірі мен мұрасын танытуға арналған байқаулар, интеллектуалдық ойындар мен шығармашылық жобалар өткізіледі.

    Мәселен, Абай облысында 10 тамызға орай Семей қаласында ақын ескерткішіне гүл қою рәсімі, «Поэзия мерекесі» және ақындар шеруі жоспарланған. Аудандарда әдеби-сазды кештермен қатар ұлттық ойындар, жәрмеңкелер, интеллектуалдық сайыстар және Абай әндерін орындауға арналған байқаулар өтеді.

    Ал Алматыда Абай күніне арналған бағдарлама концерт, спектакль, кітап көрмесі, поэзия оқулары, шығармашылық кездесулер мен жастарға арналған жобаларды қамтиды.

    Мәдениеттің ортасы саналатын Алматыда Абай күні кең ауқымда аталып өтеді. Мәдениет басқармасының берген ақпаратынша, дайындық бірнеше апта бұрын басталған.

    — Алматыда Абай күніне орай әдеби, мәдени және ағартушылық бағыттағы бірқатар іс-шара ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтарын ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының мұрасына арналған концерт, поэзия оқулары, кітап көрмесі, дәріс, шығармашылық кездесу және тақырыптық жобалар күтеді.

    Негізгі іс-шаралардың бірі – «Almaty Summer Fest» жобасы аясында өтетін «Абай әлемі» концерт-спектаклі. Ол 8 тамыз сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда өтеді. Қойылымнан кейін мерекелік концерт ұйымдастырылады. Жалпы ұлы ақынның туған күніне орай 7-10 тамыз аралығында ондаған ауқымды рухани, мәдени іс-шаралар ұйымдастырлады, — деді басқарманың баспасөз қызметі.  

    Астанада да бұл күнге орай әдеби-музыкалық кештер, кітапханалардағы кездесулер, Абай шығармаларын оқу шаралары және жастарға арналған жобалар ұйымдастырылады.

    Абай күні несімен ерекше?

    Абайды бір күнде ғана еске алу мүмкін емес. Оның мұрасы – қазақ қоғамының рухани дамуына әсер еткен үлкен мектеп.

    Ақынның өлеңдері мен қара сөздерінде адамды өзін-өзі жетілдіруге, білім іздеуге, еңбек етуге, әділетті болуға үндейтін ойлар бар. Сондықтан Абай күні – өткенді еске түсіретін дата ғана емес, бүгінгі қоғамға да ой салатын маңызды күн.

    Мәдениеттанушы Мұртаза Бұлұтай ақынға кезінде, хакім, яғни ғұлама Абай деп баға берген еді. Абайтанушылар ғұлама туралы айтпай, оның шығармаларын терең түсініп оқу керек деп санайды.

    Абайдың шығармашылығы Қазақстаннан тыс жерде де насихатталып келеді. Оның туындылары әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, шетелдерде ақынға арналған мәдени орталықтар мен ескерткіштер бой көтерген.

    Осы тұрғыдан алғанда, Абай күні – қазақ әдебиетінің ғана емес, ұлттық ой-сана мен руханияттың мерекесі. Бұл күннің негізгі мәні – Абайды еске алу емес, Абай айтқан адамдық, білім, еңбек, әділет пен елдік құндылықтарды қазіргі ұрпақтың санасына қайта жаңғырту.

    Сондықтан 10 тамызды атап өтудің ең маңызды жолы – ақын туралы сөз айту ғана емес, Абайды оқу, оның ойларын түсіну және өмірлік ұстанымдарын бүгінгі қоғаммен байланыстыра білу.

    Фото: Алматы әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →