Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақмыс» «Жомарт» кенішін заманауи Epiroc бұрғылау қондырғысымен жабдықтады • Шашынан сүйреп, қылқындырған: әйеліне күш көрсеткен ақтөбелік босатылды • Финляндиялық хоккейшілер Ресейдің әлем чемпионатына оралуына пікір білдірді • Әнші Бүркіт енесін «мама» деп атамайтынын айтты • Мақпал Жүнісова марқұм күйеуіне ұқсайтын адамды кездестіргенін жазды • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінде 6:0 есебімен сет ұтып, 2009 жылғы рекордты қайталады • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішін заманауи Epiroc бұрғылау қондырғысымен жабдықтады • Шашынан сүйреп, қылқындырған: әйеліне күш көрсеткен ақтөбелік босатылды • Финляндиялық хоккейшілер Ресейдің әлем чемпионатына оралуына пікір білдірді • Әнші Бүркіт енесін «мама» деп атамайтынын айтты • Мақпал Жүнісова марқұм күйеуіне ұқсайтын адамды кездестіргенін жазды • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінде 6:0 есебімен сет ұтып, 2009 жылғы рекордты қайталады •

    «Қазақмыс» «Жомарт» кенішін заманауи Epiroc бұрғылау қондырғысымен жабдықтады

    «Қазақмыс» «Жомарт» кенішін заманауи Epiroc бұрғылау қондырғысымен жабдықтады

    Фото: Казақмыс
    «Қазақмыс» Тобына кіретін «Жомарт» кенішіне кен өндіру жұмысына арналған жаңа Epiroc Boomer M1 өздігінен жүретін бұрғылау қондырғысы жеткізілді. Заманауи техника кенжарды жарылыс жұмысына дайындау барысында теспені механикаландырылған тәсілмен бұрғылау үшін пайдаланылады, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қондырғы белгіленген схема бойынша бұрғылау жүргізуге мүмкіндік беретін гидравликалық перфораторы бар бұрғылау жебесімен жабдықталған. Негізгі операциялардың механикаландырылуы бұрғылау жұмысының қажетті дәлдігін қамтамасыз етіп, тау-кен қазбаларын үңгілеу тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

    Жаңа техниканың жеткізілуі – «Қазақмыс» корпорациясының тау-кен шахта жабдықтарын жаңарту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмысының бір бөлігі. 2026 жылы жабдық сатып алуға 21,1 млрд теңге қарастырылды. Оның ішінде 21 бұрғылау қондырғысын сатып алуға 4,65 млрд теңге бөлінді.

    Сондай-ақ жыл соңына дейін жерасты геологиялық барлау жұмысына арналған үш Diamec PHC 4 бұрғылау қондырғысы жеткізіледі деп күтілуде.

    Техникалық паркті жаңарту жабдықтардың сенімділігін арттыруға, өндірістік үдерісті механикаландыруға және жер асты тау-кен жұмысын жүргізу кезінде қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →