Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Татьяна Тарасова ауруханада жатыр — туысы хабарлады

    КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова ауруханада жатыр. Бұл туралы оның жиені Алексей Тарасов хабарлады. Тарасова 79 жаста.

    Татьяна Тарасова ауруханада жатыр — туысы хабарлады

    Сурет: sports.kz

    Көркем мұзда сырғанаудан КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова әлі күнге дейін ауруханада жатыр. Бұл туралы оның жиені Алексей Тарасов мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    5 қазанда Тарасованың қайтадан ауруханаға түскені белгілі болған еді. «Татьяна Анатольевна әзірге ауруханада. Алаңдағандарыңызға рақмет», — деді Алексей Тарасов.

    Тарасова 79 жаста, ол халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері. КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы оған 1975 жылы берілген. Ол олимпиада чемпиондары Алексей Ягудин, Ирина Роднина мен Александр Зайцев, Наталья Бестемьянова мен Андрей Букин, Оксана Грищук пен Евгений Платовты жаттықтырған. 2008 жылы ол әлемдік көркем мұзда сырғанау даңқ залына енгізілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →