Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы қайғылы оқиғадан кейін Қарағанды тұрғындары үйдің қасбеті опырылып кете ме деп алаңдап отыр Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйледі Премьер-министр төртінші мұнай өңдеу зауыты бойынша тапсырма берді Президент Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынды Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жаңа міндеттер жүктеді Мал бағып отырғандар жерден айырылып қалуы мүмкін: депутат ауыл шаруашылығы жерлерін тексеруді сұрады Астанадағы қайғылы оқиғадан кейін Қарағанды тұрғындары үйдің қасбеті опырылып кете ме деп алаңдап отыр Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйледі Премьер-министр төртінші мұнай өңдеу зауыты бойынша тапсырма берді Президент Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынды Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жаңа міндеттер жүктеді Мал бағып отырғандар жерден айырылып қалуы мүмкін: депутат ауыл шаруашылығы жерлерін тексеруді сұрады

    Ақтөбедегі жылқышы ісі: заңгер біржақты ақпаратқа сенбеуге шақырды

    Заңгер Айгүл Орынбек Ақтөбедегі жылқышы Рахат Сәрсеновтің ісіне қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желідегі біржақты ақпаратқа сенбеуге шақырды. Істегі басты мәселе – қарт адамның құқықтарын қорғау.

    Ақтөбедегі жылқышы ісі: заңгер біржақты ақпаратқа сенбеуге шақырды

    Сурет: ult.kz

    Қоғам назарын аударған жылқышы Рахат Сәрсеновтің ісіне қатысты заңгер Айгүл Орынбек пікір білдірді. Ол әлеуметтік желідегі біржақты ақпаратқа сүйеніп қорытынды жасамауға шақырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Сарапшының айтуынша, оқиғаға қатысты алғаш тараған бейнежазба көпшіліктің эмоциясына әсер етіп, қоғамда нақты дәлелдерге емес, әсерге негізделген пікір қалыптастырған. Сондықтан істің толық материалдарымен таныспай тұрып, қандай да бір қорытынды жасау дұрыс емес екенін атап өтті.

    Айгүл Орынбектің сөзінше, Рахат Сәрсенов апелляциялық сот арқылы толық ақталған жоқ. Ол тек амнистия негізінде және шартты түрде босатылған. Демек, бұл оның бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын жоққа шығармайды.

    Сонымен қатар заңгер бұл істегі ең маңызды мәселе – инсульт алған қарт адамның әлі күнге дейін ауыр еңбекпен айналысуға мәжбүр болуы екенін ерекше атап өтті. Оның пікірінше, қоғам бұл жағдайды тек екі тараптың дауы ретінде емес, егде жастағы азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселесі ретінде қарастыруы тиіс.

    Сөз соңында Айгүл Орынбек қоғамды эмоцияға берілмей, заң талаптары мен нақты деректерге ғана сүйенуге шақырып, әлеуметтік желілерде тараған расталмаған ақпаратқа сенудің қауіпті екенін ескертті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →