Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстандық өрт сөндірушілер Бакуде әлем рекордын орнатып, алтын алды

    Қазақстанның ерлер құрамасы Бакуде өрт-құтқару спортынан әлем чемпионатында «Жауынгерлік жайылу» дисциплинасында 24,52 секундпен әлем рекордын орнатып, алтын алды.

    Қазақстандық өрт сөндірушілер Бакуде әлем рекордын орнатып, алтын алды

    Фото: пресс-служба МЧС

    Бакуде өткен өрт-құтқару спортынан әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы алтын медаль жеңіп алып, жаңа әлемдік рекорд орнатты. «Жауынгерлік жайылу» дисциплинасында спортшылар 24,52 секунд нәтиже көрсетті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    XXI ерлер арасындағы әлем чемпионаты мен XII әйелдер арасындағы әлем чемпионатының қорытынды күнінде қазақстандық команда Моңғолия мен Өзбекстан құрамаларынан озып шықты. Моңғолия 25,08 секундпен екінші орынды иеленсе, Өзбекстан 25,45 секундпен үшінші орынға тұрақтады.

    Қазақстанның ерлер құрамасының сапында Ансар Шамшоллаев, Назарбек Ануарбеков, Абай Қонысбаев, Дінмұхамед Әбілбаев, Петр Подгородецкий, Дмитрий Савон және Ілдар Избасаров өнер көрсетті.

    Қазақстанның әйелдер құрамасы да осы дисциплинада 25,41 секунд нәтижемен үшінші орынға көтерілді. Алтын Ресейге (23,79 секунд), күміс Беларуське (23,92 секунд) бұйырды. Қазақстан намысын Алла Серикханова, Айдана Байтикова, Ситора Реджеметова, Оксана Дзолба, Регина Аленина, Кристина Подгородецкая және Валентина Салмина қорғады.

    Төрт күндік жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның екі құрамасы да жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді. Ерлер командасы Ресей мен Беларуське жол берсе, әйелдер турнирінде де орындар дәл осылай бөлінді.

    Осылайша, қазақстандық спортшылар чемпионатты ерлер арасындағы алтын және әлемдік рекордпен, әйелдер командасының жауынгерлік жайылудағы қоласымен және жалпыкомандалық есептегі екі қола медальмен аяқтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →