Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты •

    Ұлттық ұлан сапында 40-қа жуық егіз жұп ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүр

    Ұлттық ұлан сапында 40-қа жуық егіз жұп ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүр

    Фото: ІІМ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

    Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінде 40-қа жуық егіз сарбаз бірге қызмет атқарып жүр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Құқықтық тәртіп әскерінде егіздерді бір-бірінен ажыратпау дәстүрі қатаң сақталған. Олар бір әскери бөлімшеде бірге қызмет атқарады. Егіз жауынгерлердің қатарында Астана қаласындағы жедел бригадада қызмет ететін Алмас пен Олжас Сүлейменовтер, сондай-ақ 6636 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген Ростислав пен Ярослав Тарандар бар. Қызығы, екі жұптың да туған жері — Павлодар қаласы.

    Алмас пен Олжас Сүлейменовтер елордадағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр. Ал Ростислав пен Ярослав Тарандар әскери бөлімнің қарауыл қызметін атқарады. Әскери қызметке алғаш келген кезде егіздерді ажырату қиын болған. Алайда уақыт өте келе олардың әріптестері мінез-құлқы мен ерекшеліктері арқылы бір-бірінен ажыратуды үйренген. 5573 әскери бөлімінің сарбазы Алмас Сүлейменов егіз бауырымен бірге Отан алдындағы борышын өтеу үлкен мақтаныш екенін айтты.

    — Бала кезден бірге өстік, енді Отан алдындағы міндетімізді де қатар атқарып жатырмыз. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш әрі есте қалатын кезең. Бір-бірімізге әрдайым қолдау көрсетіп келеміз, — деді ол.

    Ұлттық ұлан өкілдерінің айтуынша, егіз сарбаздардың бірге қызмет етуі — бауырластықтың, бірліктің және Отанға деген адалдықтың көрінісі. Олар күн сайын әскери антқа адал болып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →