Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлемдік AI индустриясының көшбасшысы Дженсен Хуанг Қазақстанға ат басын бұрмақ Төбесі көгеріп, қабырғасы жарылған: Алматы облысында 1081 бала тозығы жеткен мектепте оқып жүр Ақтауда мектепке апарар жол бір жылдан бері қараңғы: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы Астанадағы қайғылы оқиғадан кейін Қарағанды тұрғындары үйдің қасбеті опырылып кете ме деп алаңдап отыр Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйледі Премьер-министр төртінші мұнай өңдеу зауыты бойынша тапсырма берді Әлемдік AI индустриясының көшбасшысы Дженсен Хуанг Қазақстанға ат басын бұрмақ Төбесі көгеріп, қабырғасы жарылған: Алматы облысында 1081 бала тозығы жеткен мектепте оқып жүр Ақтауда мектепке апарар жол бір жылдан бері қараңғы: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы Астанадағы қайғылы оқиғадан кейін Қарағанды тұрғындары үйдің қасбеті опырылып кете ме деп алаңдап отыр Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйледі Премьер-министр төртінші мұнай өңдеу зауыты бойынша тапсырма берді

    Тәжіғали Елеуов: Рахат Сәрсеновтің үй салатын жағдайы жоқ

    Тәжіғали Елеуов журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында Рахат Сәрсеновтің үй салуға шамасы жетпейтінін айтып, оның жылқы ұрлағанын меңзеді.

    Тәжіғали Елеуов: Рахат Сәрсеновтің үй салатын жағдайы жоқ

    Сурет: ozgeris.info

    Мал иесі Тәжіғали Елеуов журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында қарамағандыға жылқышы туралы білетінінің бәрін айтып берді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Елеуовтің айтуынша, Рахат Сәрсеновтің үй салуға шамасы жетпейді. «Кеше үйіне бардым, тағы үй салып жатырмын. 150 мыңға кім үй сала алады? Менің жылқыларымды жымқырып үй салып алды. Балаларының бәрін үйлендірдім, бәрінің тойын жасадым. Бәрі отбасылы. Бес баласы есейіп ер жетсе де әкесіне бір үй салып бере алмайды. Өзім құрылысшымын, үй салу оңай емес. Балаларының қанша айлық алатынын білемін. Тайбек 400 мың теңге айлық алады. Ондай айлыққа үй салмайды. Кредиттері жоқ, бәрін тексердім», — деді ол.

    Осы тұста Руслан Өтепбай Тәжіғали Елеуовтен біреудің құпия ақпаратын қалай білуге болатынын сұрап қалды. Мал иесі бұл сұраққа жауап беруден бас тартты.

    Пікір білдірушілер «Алдар Көседегі бай сияқты», «Мен, мен деп қалған кісі екен», «Үйді тек осы кісі ғана сала алады, басқалар сала алмайды», «Мына арсызды қамау керек» деп жазды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →