Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлемдік AI индустриясының көшбасшысы Дженсен Хуанг Қазақстанға ат басын бұрмақ Төбесі көгеріп, қабырғасы жарылған: Алматы облысында 1081 бала тозығы жеткен мектепте оқып жүр Ақтауда мектепке апарар жол бір жылдан бері қараңғы: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы Астанадағы қайғылы оқиғадан кейін Қарағанды тұрғындары үйдің қасбеті опырылып кете ме деп алаңдап отыр Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйледі Премьер-министр төртінші мұнай өңдеу зауыты бойынша тапсырма берді Әлемдік AI индустриясының көшбасшысы Дженсен Хуанг Қазақстанға ат басын бұрмақ Төбесі көгеріп, қабырғасы жарылған: Алматы облысында 1081 бала тозығы жеткен мектепте оқып жүр Ақтауда мектепке апарар жол бір жылдан бері қараңғы: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы Астанадағы қайғылы оқиғадан кейін Қарағанды тұрғындары үйдің қасбеті опырылып кете ме деп алаңдап отыр Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйледі Премьер-министр төртінші мұнай өңдеу зауыты бойынша тапсырма берді

    Рахат Сәрсеновтің үйіне қатысты кәсіпкер күтпеген мәлімде жасады

    Журналист Руслан Өтепбай Тәжіғали Елеуовпен сұхбаттасып, Рахат Сәрсеновтің отбасына берілген үй өз қаржысына алынғанын айтты. Мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу талқылануда.

    Рахат Сәрсеновтің үйіне қатысты кәсіпкер күтпеген мәлімде жасады

    Сурет: ult.kz

    Журналист Руслан Өтепбай белгілі жылқышы Рахат Сәрсеновтің бұрынғы жұмыс берушісі Тәжіғали Елеуовпен кездесіп, оған қатысты көпшілікті толғандырып жүрген мәселелер туралы ашық сұхбат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Журналистің айтуынша, әңгіме барысында Рахат Сәрсеновтің еңбек жолы, өзара қарым-қатынас және қоғамда қызу талқыланып жатқан жағдайлар сөз етілген.

    Әңгіме соңында Руслан Өтепбай Тәжіғали Елеуовке қоғамның көмегімен Рахат Сәрсеновтің отбасы баспаналы болғанын жеткізген. Алайда кәсіпкер бұл ақпаратқа күтпеген жауап беріп, жаңа үйдің өз қаржысына сатып алынғанын айтқан.

    «Рахат Сәрсеновтің отбасы баспаналы болды» дегенімде, ол: «Ол менің ақшама алынған үй», – деп жауап берді», – дейді журналист.

    Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, қызу пікірталас тудырды. Көпшілік кәсіпкердің сөзінің мән-жайын толық анықтағысы келетінін білдіріп, сұхбаттың жариялануын күтуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →