Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Тоқаев: Құрық портының өткізу қабілеті 15 млн тоннаға жетеді Конго орманынан ғылымға белгісіз маймылдың жаңа түрі табылды Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Тоқаев: Құрық портының өткізу қабілеті 15 млн тоннаға жетеді Конго орманынан ғылымға белгісіз маймылдың жаңа түрі табылды

    Тоқаев: Құрық портының өткізу қабілеті 15 млн тоннаға жетеді

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Guoyou Materials Industry Group компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боянмен Құрық портының құрылысы және Еуразиялық көлік хабын құру перспективаларын талқылады.

    Тоқаев: Құрық портының өткізу қабілеті 15 млн тоннаға жетеді

    Маңғыстау облысындағы Құрық көпфункционалды портының құрылысы жобасының бірінші жылында өткізу қабілеті 15 млн тоннаны құрайды деп жоспарлануда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жобаны жүзеге асыратын Guoyou Materials Industry Group компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боянды қабылдап, порт инфрақұрылымы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Мемлекет басшысы Қазақстанның толыққанды Еуразиялық көлік хабына айналуды мақсат етіп отырғанын атап өтті. Осы тұрғыда Президент Қазақстан аумағында мультимодальды порт хабын құру бастамасын қолдады.

    Guoyou Materials Group компаниясы Маңғыстау облысында «Құрық көпфункционалды портын салу» жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Жобаның бірінші жылында корпорация өткізу қабілетін 15 млн тоннаға жеткізуді көздейді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай ауқымды жобаны жүзеге асыру біріктірілген теңіз және теміржол логистикасын дамытуға, аймақтың көлік инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыруға, Қазақстанның экспорттық және транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

    Өз кезегінде Юй Боян Мемлекет басшысына жобаның егжей-тегжейі туралы айтып, Каспийдегі теңіз тасымалының болашағы туралы көзқарасымен бөлісті.

    Сонымен қатар, порт хабын құру жұмыс орындарын ашу, саланың кадрлық әлеуетін дамыту, қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануды қоса алғанда, ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық тиімділік беретіні атап өтілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →