Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО) Джеки Чанның жаңа фильмі Қазақстанда түсіріле бастады Бурабайда қонақүй өртеніп, демалушылар шұғыл эвакуацияланды (ВИДЕО) Петропавлда бес жастағы бала терезеден құлап кетті Ақмола облысында полицейді балағаттаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды «Байтақ» съезінде өзінің партияластары Азаматхан Әміртайды ауыстыруды талап етті (ВИДЕО) Ақтаудағы атыс: дәмханада жігіті елдің көзінше атып кетті (ВИДЕО) Джеки Чанның жаңа фильмі Қазақстанда түсіріле бастады Бурабайда қонақүй өртеніп, демалушылар шұғыл эвакуацияланды (ВИДЕО)

Анкарадағы НАТО саммиті: Ердоған әлем елдерінің басшыларына револьвер сыйлады

Анкарадағы НАТО саммиті: Ердоған әлем елдерінің басшыларына револьвер сыйлады

Фото: zeit.de/politik

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкарада өткен НАТО-ның 36-шы саммитіне қатысқан мемлекет және үкімет басшыларына ерекше сыйлық тарту етті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

Көшбасшылардың әрқайсысына арнайы тапсырыспен жасалған, есімдері ойып жазылған револьвер мен патрондар жиынтығы табыс етілді. Сондай-ақ түрік тарапы қонақтарға бұл сыйлықты елден заңды түрде алып шығуға мүмкіндік беретін барлық қажетті экспорттық құжаттарды да бірге өткізді.

Алайда саммитке қатысушылардың бәрі бірдей бұл презентті қабылдай алмады. Британдық The Guardian газетінің хабарлауынша, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер саммит аяқталғаннан кейін ұшақ бортында журналистерге берген сұхбатында сыйға тартылған револьверді Біріккен Корольдікке алып кіре алмағанын мәлімдеді. Бұған елдегі атыс қаруын импорттауды реттейтін қолданыстағы британдық заңнама себеп болған.

Басылымның мәліметінше, револьвер Ұлыбританияның Анкарадағы елшілігінде қалдырылған.

Түркия көшбасшысының бұл символдық сыйлығы НАТО саммитінің ең көп талқыланған сәттерінің біріне айналды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика