Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қазақстан қылышшылары Францияны жеңіп, Әлем кубогының финалына шықты

    Қазақстанның ерлер қылыш құрамасы Касабланкадағы Әлем кубогының жартылай финалында Францияны 45:40 есебімен жеңіп, финалға шықты.

    Қазақстан қылышшылары Францияны жеңіп, Әлем кубогының финалына шықты

    Сурет: inbusiness.kz

    Касабланкада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалында Қазақстанның ерлер құрамасы Франция ұлттық командасын жеңді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қазақстандық қылышшылар жартылай финалдық кездесуде 45:40 есебімен басым түсті. Халықаралық турнирде ұлттық құрама сапында Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов сынға түсуде.

    Шешуші кезеңге дейінгі жолда қазақстандықтар жоғары дайындықтарын көрсетті: ширек финалда біздің спортшылар дәл осындай 45:40 есебімен Мысыр құрамасынан басым түсті.

    Кемінде күміс медальді қамтамасыз еткен Қазақстан құрамасы басты сайысқа дайындалуда. Әлем кубогы кезеңінің «алтыны» үшін бәсекеде біздің команда Ресей құрамасымен кездеседі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →