Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаянға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Данияр Елеусіновтің қатысуымен болған жол апаты: оқиғаның мән-жайы айтылды 1 миллиард теңге қайда кетті: Тарбағатай–Аягөз жолындағы шудың ақыры не болмақ? «Тұрсынбектің өзі де, көзі де жоқ»: Сәкен Майғазиев әзілкештің әулетіндегі той туралы Tesla-ға инвестиция салған қазақ кәсіпкері Илон Маскпен қалай танысты? Әлемдік нарықта мұнай бағасы тағы қымбаттап кетті Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаянға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Данияр Елеусіновтің қатысуымен болған жол апаты: оқиғаның мән-жайы айтылды 1 миллиард теңге қайда кетті: Тарбағатай–Аягөз жолындағы шудың ақыры не болмақ? «Тұрсынбектің өзі де, көзі де жоқ»: Сәкен Майғазиев әзілкештің әулетіндегі той туралы Tesla-ға инвестиция салған қазақ кәсіпкері Илон Маскпен қалай танысты? Әлемдік нарықта мұнай бағасы тағы қымбаттап кетті

Tesla-ға инвестиция салған қазақ кәсіпкері Илон Маскпен қалай танысты?

Tesla-ға инвестиция салған қазақ кәсіпкері Илон Маскпен қалай танысты?

Фото: видеодан скрин

АҚШ-та 30 жылдан астам уақыт тұрып жатқан Жаңаөзен тумасы Әнуарбек Иманбаев жасанды интеллект саласында стартап құрып, кейін Tesla компаниясының алғашқы инвесторларының біріне айналған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол бүгінде кәсіпкер ретінде ғана емес, Илон Маскпен жақын таныстығы арқылы да көпшілік назарын аударып отыр.

Әнуарбек Иманбаевтың айтуынша, ол 2012 жылы әріптесінің көмегімен сол кезде көпшілікке кеңінен таныла қоймаған Tesla компаниясының негізін қалаушы Илон Маскпен танысқан.

Калифорния штатындағы Фримонт қаласында орналасқан Tesla зауытын аралап көргеннен кейін кәсіпкер компанияның болашағына сеніп, елге оралған соң жинаған қаражатына Tesla акцияларын сатып алған.

Уақыт өте келе ол Tesla және SpaceX компанияларының бірқатар топ-менеджерлерімен жақын араласып, Илон Маскпен де достық қарым-қатынас орнатқан.

Сонымен қатар, «Цукербергтің көршілері» жобасына берген сұхбатында Әнуарбек Иманбаев АҚШ-та ұзақ жыл тұрғанына қарамастан, қазақтың дәстүрі мен мәдениетін сақтауға ерекше мән беретінін айтқан. Оның пікірінше, шетелде өмір сүрген адамның өз тамырынан ажырамауы маңызды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика