Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қатты қорықтым»: Мөлдір Мұқан жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты (ВИДЕО) Конституциялық Сот шешімі Президент өкілеттігінің мерзіміне қатысты құқықтық айқындық орнатты — саясаттанушы «Қазақмыс» жұмыскерлер игілігіне арналған нысандарды кезең-кезеңімен жаңартпақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы Президент сайлауына қатыса алады Бензин тапшылығы: Министрлік болжамына сенуге бола ма? Оралда халықаралық іздеуде жүрген күдікті шкафтың ішінен табылды «Қатты қорықтым»: Мөлдір Мұқан жалғызбасты ана болудың қиындығын айтты (ВИДЕО) Конституциялық Сот шешімі Президент өкілеттігінің мерзіміне қатысты құқықтық айқындық орнатты — саясаттанушы «Қазақмыс» жұмыскерлер игілігіне арналған нысандарды кезең-кезеңімен жаңартпақ Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы Президент сайлауына қатыса алады Бензин тапшылығы: Министрлік болжамына сенуге бола ма? Оралда халықаралық іздеуде жүрген күдікті шкафтың ішінен табылды

Кек қайтару: Бельгия футболшылары АҚШ командасын жеңіп, алаңда «Трамптың биін» билеген (ВИДЕО)

Кек қайтару: Бельгия футболшылары АҚШ командасын жеңіп, алаңда «Трамптың биін» билеген (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

2026 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалында Бельгия құрамасының футболшылары АҚШ қақпасына гол соққаннан кейін, сол елдің президенті Дональд Трамптың биін билеген. Кездесу 4:1 есебімен бельгиялықтардың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. 

Ойынның 90+3-минутында 33 жастағы шабуылшы Ромелу Лукаку матчтың соңғы нүктесін қойды. Голдан кейін Бельгия құрамасының ойыншылары шеңбер жасап жиналып, АҚШ Президенті Дональд Трамптың сайлауалды науқаны кезіндегі өзіне тән қимылдарына ұқсатып, би биледі. Яғни, олар бөкселерін қозғалтып, жұдырықтарын көтере билеген.

Айта кетейік, бұдан сәл ертерек АҚШ Президенті Дональд Трамп өз құрамасының шабуылшысы Фоларин Балогунның дисквалификациясын алып тастау процесіне жеке өзі араласқанын растаған болатын. Балогун Босния және Герцеговинамен өткен ойында қызыл қағаз алғанына қарамастан, оған бельгиялықтарға қарсы ойнауға рұқсат берілген еді.

Дегенмен, америкалық шабуылшы бұл ойында нәтижелі қимылдарымен көзге түсе алмады, ал АҚШ құрамасы турнирді аяқтады.

Еске салайық, бұған дейін Трамп Бельгияға тиесілі аралды аламыз деп әлемге жар салған еді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика