Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды •

    «Батыл, ерке әрі сұлу»: Қайрат Нұртастың екінші қызы да мектеп бітірді (ВИДЕО)

    «Батыл, ерке әрі сұлу»: Қайрат Нұртастың екінші қызы да мектеп бітірді (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Белгілі әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың ортаншы қызы Алау биыл мектепті тәмамдап, түлектер кешін атап өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Салтанатты шараға анасы Жұлдыз Әбдікәрімова қатысып, қызының қуанышты сәттерінен әсерлі бейнежазбаны Instagram парақшасында жариялады. Ол жазбасында қызына ақ тілегін арнап, жүрекжарды лебізін білдірді.

    «Алауым мектеп бітірді. Менің кішкентай жұлдызым, өмір жолың әрдайым жарқын әрі бақытты болсын. Сен батыл, ерке, сүйкімді әрі сұлу жансың. Барлық асқақ армандарың орындалып, алдыңнан тек жақсылық жолықсын», – деп жазды актриса.

    Желі қолданушылары да жас түлекке ізгі тілектерін жаудырып, жаңа өмір белесінде сәттілік тіледі. Көпшілік Алаудың есейіп, бойжеткен болғанына таңданысын білдіріп, анасы мен қызының ерекше сәтіне жылы лебіздерін арнады.

    Сондай-ақ соңғы уақытта Қайрат Нұртастың жары мен енесі Гүлзира Айдарбекованың қарым-қатынасы туралы түрлі әңгімелер айтылып жүргенімен, продюсер бұл жолы да назардан тыс қалмады. Ол жарияланған видеоны жүрек белгісімен қолдап, немересінің қуанышына ортақ екенін аңғартты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →