Басты бет » «Астана» станциясында жұмысшы ажал құшты

«Астана» станциясында жұмысшы ажал құшты

Фото: Pixabay

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Астана» станциясының тоқ тарту кіші станциясында қызметкердің қаза тапқанын растады және жазатайым оқиға фактісі бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Астана станциясында қызметкердің қаза тапқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Қаза тапқан адам электромеханик болып жұмыс істеген.

«Жазатайым оқиға фактісі бойынша белгіленген тәртіппен тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері комиссия жұмысының нәтижелері бойынша анықталады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ тергеу жүргізуге қажетті көмекті көрсетуде және қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика