Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 5 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында Қазақстанның жалғыз өкілі болып қалды KASE және Ailat ислам нормаларына сай бағалы қағаздарды іріктеу сервисін іске қосты БҰҰ Африка елдерінің әлем картасын өзгерту бастамасын қолдады Қазақстан соккадан ӘЧ-2026 ширек финалына шықты Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрамын бекітті Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық жорықта жеңімпаз атанды Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында Қазақстанның жалғыз өкілі болып қалды KASE және Ailat ислам нормаларына сай бағалы қағаздарды іріктеу сервисін іске қосты БҰҰ Африка елдерінің әлем картасын өзгерту бастамасын қолдады Қазақстан соккадан ӘЧ-2026 ширек финалына шықты Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрамын бекітті Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 300 шақырымдық жорықта жеңімпаз атанды

    Қызметкерлердің өмірі басты назарда: «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәселесінде тәуекелге бағдарланған тәсілді күшейтуде

    Қызметкерлердің өмірі басты назарда: «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәселесінде тәуекелге бағдарланған тәсілді күшейтуде

    Қазақмыстың Кадр даярлау және қайта даярлау орталығының базасында (КДҚДО) өндірістік тәуекелдердің негізгі түрлері бойынша Qauipsizdik Start (QStart) оқыту бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда.

    15 маусымнан бастап бағдарламаға Ұлытау облысындағы «Tranco Industrial Railways Transportations» ЖШС көлік-логистикалық компаниясының қызметкерлері қосылды.

    Бағдарлама «Қазақмыс» Тобының өндірістік қауіпсіздікті жетілдіру және кәсіпорындар мен мердігер ұйымдарда тәуекелге бағдарланған тәсілді дамыту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

    Оқыту барысында өндірістік ортада орын алуы мүмкін ықтимал тәуекелді анықтауға, салдарын бағалауға және тиімді шешім қабылдау бойынша практикалық дағды қалыптастыруға басымдық беріледі.

    «Кез келген компанияда қызметкердің өмірі мен денсаулығы бірінші орында тұрады. Қауіпсіздік бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар – осының нақты дәлелі», – деп атап өтті «Tranco Industrial Railways Transportations» компаниясының қызметкерлерінің бірі.

    Оқыту бағдарламасы сценарийлік жаттығуларды, өндірісте кездесетін нақты жағдайларды талдауды және төтенше жағдайларда әрекет ету дағдысын пысықтауды қамтиды. Бұл адам факторына байланысты тәуекелдерді төмендетуге ықпал етеді.

    «Қазақмыс өндірістік тәуекелдерді бағалау және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері бойынша оқыту жүргізіп жатыр. Алған біліміміз бізге өндірістегі күнделікті жұмысымызда көмектеседі», – деп әсерімен бөлісті бағдарлама қатысушысы.

    Даярлықтың тиімділігін арттыру мақсатында Кадр даярлау және қайта даярлау орталығында оқу бағдарламасы «Қауіпсіздік-2026» стратегиясына сәйкес жаңартылып, білімді тәуелсіз бағалау және электронды сертификат беру жүйесі енгізілді.

    Qauipsizdik Start бағдарламасын дамыту өндірістік тәуекелдерді басқарудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға және «Қазақмыс» Тобының өндірістік алаңдарында қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуға мүмкіндік береді.

    Фото: «Қазақмыс»

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →