Басты бет » Көргенсіздігімен көзге түсіп үйренген Төреғали Төреәлінің әйелі мәлімдеме жасады (ФОТО)

Көргенсіздігімен көзге түсіп үйренген Төреғали Төреәлінің әйелі мәлімдеме жасады (ФОТО)

Фото: instagram.com/toregalitoreali

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктің назарын аударған жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Ол Instagram желісінде оқырмандарына арнап жазба қалдырып, жұртшылықты ойландырып қойды.

«Сәлем бердім! Қалайсыздар?! Бәрін көріп-біліп отырған шығарсыздар! Менің де айтарым көп! Екінші тарапты күтіп отырмын. Жақсылықтың жаршысы болайық», – деп жазды Толқын Тұрарбекқызы.

Желі қолданушылары бұл жазбаны түрліше қабылдап, әншінің отбасына қатысты соңғы оқиғалармен байланыстырып жатыр. Алайда Толқын Тұрарбекқызы әзірге бұл сөздерінің нақты неге қатысты екенін ашып айтқан жоқ.

Айта кетейік, соңғы уақытта әнші Төреғали Төреәлінің жеке өміріне қатысты әлеуметтік желілерде түрлі ақпараттар таралып, көпшілік арасында қызу талқылануда. Әншінің продюсері  Жан Мұқанов та оның концерттер мен гастрольдерге шықпайтынын мәлімдеген еді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика