Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес •

    Алматыда қазақ қыздарына арналған нетворкинг кездесуі өтеді

    Алматыда «Қазақ әйелі: Кеше. Бүгін. Ертең» нетворкинг кездесуі өтеді. Оған қаладағы жоғарғы оқу орындарының студенттері қатыспақ. Нетворкинг Алатау дәстүрлі өнер театрының коворкинг залында /Alatau Creative Hub (Алматы қ., Нұркент, 5/11.) 2 сәуір күні сағат 14.00-де басталады. «BUGIN ASSOCIATION» Қоғамдық бірлестігі және «Hanym Kazakhstan» қыз-келіншектерді дамыту орталығының арнайы ұйымдастырумен өтпек.

    Шараның бас ақпараттық серіктесі «Börté media». Іс-шараға еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген және отбасының түтінін түзу түтетіп отырған көшбасшы әйелдер (кәсіпкерлер, ғалымдар, өнер мен қоғам қайраткерлері, дәрігерлер, түрлі кәсіп иелері) мен Алматы қаласы барлық ЖОО-ң «G38 студенттік жастары» және БАҚ өкілдері қатысады.

    «Қазақ әйелі: Кеше. Бүгін. Ертең» нетворкинг кездесуінің мақсаты — қазіргі таңдағы қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі мен кеше және бүгінгі қыз-келіншектердің отбасындағы құндылығы мен ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығын ұғындыру мен ана мен балаға әлеуметтік қолдау көрсету. Қоғам мен мемлекет дамуына үлес қосып жүрген дара әйелдерді насихаттау.
    Іс-шара спикерлері – танымал дизайнер, бизнес-леди Аида Кауменова, тележурналист, HUAWEI компаниясының PR бөлімінің басшысы Айман Сахова, кәсіпкер Маряша Серікқызы, танымал тележүргізуші, отандық брендтің, қазақ оюларын насихаттауға үлесін қосқан кәсіпкер Жанат Бақыт, сценарист, танымал журналист Перизат Мырзахмет, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ доценті Гүлмира Алтынбаева, «Borte media» сайтының бас редакторы Айжан Қалиева.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →