Тоқаевқа Трамптан сәлем жетті: Ақордада АҚШ өкілімен маңызды кездесу өтті

Тоқаевқа Трамптан сәлем жетті: Ақордада АҚШ өкілімен маңызды кездесу өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің Арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады. Кездесу барысында америкалық тарап Дональд Трамптың сәлемін жеткізіп, екіжақты қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Арнайы өкіл Президент Дональд Трамптың Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметіне ерекше баға беретінін жеткізді. «Сіздің Ақ үйде досыңыз бар деп сеніммен айта аламын. Соңғы жылдың өзінде 20 миллиард доллардан астам сомаға келісім жасалды және бұл әлі бастамасы ғана. Сіздің жыл соңында өтетін G20 саммитіне қатысатыныңызға қуаныштымыз», – деді Серджио Гор.

Кездесуде тараптар бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар аса маңызды минералдар, көлік-логистика, цифрландыру сияқты басым салалардағы ықпалдастық перспективаларына тоқталды. Қазақстан тең құрылтайшыларының бірі болып табылатын Бейбітшілік кеңесінің қызметіне ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысы өз кезегінде Қазақстанның халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және гуманитарлық бастамаларды ілгерілетуге үлес қосуға дайын екенін атап өтті. Тараптар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, сан қырлы қазақ-америка ынтымақтастығын тереңдетуге өзара мүдделі екенін растады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика