Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады • «Әйелді жұма сайын ұру керек»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады • Астанадағы балабақшада баланы темір орындықпен ұрған: тергеу басталды • Алматыда әйелін балалардың көзінше өлтірген экс-полицей 15 жылға сотталды • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады • «Әйелді жұма сайын ұру керек»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады • Астанадағы балабақшада баланы темір орындықпен ұрған: тергеу басталды • Алматыда әйелін балалардың көзінше өлтірген экс-полицей 15 жылға сотталды •

    Алматыда 25 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр

    Алматыда 25 жастағы жігіт іздестіріліп жатыр
    Фото: instagram / volontery_lider.kz_almobl

    Алматыда 25 жастағы Ерзат Егізбайды іздестіру жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Еріктілердің мәліметінше, ол 19 мамыр күні шамамен сағат 14:30-да Алматы қаласының Жетісу ауданындағы Райымбек көшесінде, 147Б үй маңындағы құрылыс нысанындағы жұмыс орнынан шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

    Жоғалған азаматтың белгілері: бойы 165-170 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қысқа әрі қара түсті. Жоғалған күні үстінде қара кепка, қоңыр жилет, қоңыр кофта, қара шалбар және қара кроссовка болған.

    Еріктілер Ерзаттың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды іздеу парақшасында көрсетілген байланыс нөмірлеріне немесе 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласуға шақырды.

    Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жоғалу фактісі бойынша іздестіру ісі қозғалды. Қазіргі уақытта жоғалған азаматтың жүрген жерін анықтап, үйіне аман-есен қайтаруға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →