Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады • «Әйелді жұма сайын ұру керек»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады • «Әйелді жұма сайын ұру керек»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады •

    1-сыныпқа құжат қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

    1-сыныпқа құжат қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

    Фото: Pixabay

    Астана мектептерінің 1-сыныбына құжат қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржан Қайырбаева қалалық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Оның айтуынша, жаңа оқу жылында елорда мектептеріне 34 мыңнан астам баланы қабылдау жоспарланып отыр. Өткен жылы бірінші сыныпқа 32 631 бала қабылданған.

    — Бірінші сыныпқа мектеп аумағында тіркелген, алты жасқа толған немесе биыл алты жасқа толатын балалар қабылданады. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын қоспағанда, балаларды мектепке қабылдау олардың дайындық деңгейіне қарамастан жүргізіледі, — деді ол.

    Ата-аналар құжатты eGov.kz порталы мен «OQU» жүйесі арқылы онлайн тапсыра алады. Құжат өткізу үшін ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші, № 065/у және № 052-2/у үлгісіндегі медициналық анықтамалар, сондай-ақ баланың 3×4 көлеміндегі фотосуреті қажет.

    Сонымен қатар, әр мектепте ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізетін арнайы қабылдау комиссиялары құрылған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →