Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады • «Әйелді жұма сайын ұру керек»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады • «Әйелді жұма сайын ұру керек»: Айгүл Иманбаева күтпеген мәлімдеме жасады •

    Қайрат Сатыбалды дәріс оқыған: Алматыда колледж басшылығы қызметінен қуылды

    Қайрат Сатыбалды дәріс оқыған: Алматыда колледж басшылығы қызметінен қуылды

    Фото: Pixabay

    Алматы қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінің басшылығы Қайрат Сатыбалдының оқу орнына келуіне байланысты қызметінен босатылды. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев мәлімдеді.

    Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Қайрат Сатыбалдының аталған колледж студенттеріне лекция оқығаны жөнінде ақпарат тараған еді. Алайда министрлік өкілі мұны жоққа шығарып, оның тек түлектердің шақыруымен өткен іс-шараға қатысқанын айтты.

    «Ол бұл оқу орнының түлегі ретінде келді. Оның лекция оқығаны туралы алғаш рет естіп отырмын. Ол лекция оқыған жоқ және оқымайды да. Лекция оқу үшін профессорлық-оқытушылық құрамға кіруі керек», — деді Ахмедиев.

    Журналистер тарапынан оның бұрынғы соттылығы жастарға теріс әсер етуі мүмкін бе деген сұрақ та қойылды. Бұл мәселеге қатысты министрлік өкілі колледж басшылығының жауапқа тартылғанын жеткізді.

    «Жазаланды. Егер қателеспесем, қызметінен босатылды», — деп нақтылады ол.

    Еске салайық, Кайрат Сатыбалды бұған дейін ірі көлемдегі қаражат жымқыру ісі бойынша алты жылға сотталған болатын. Кейін ол жазасының бір бөлігін өтеп, активтерінің бір бөлігін мемлекетке қайтарғаннан кейін бостандыққа шыққан. Оның жазасы шектеу түріне ауыстырылған.

    Оқиғаның мән-жайы қоғамда кең талқылануда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →