Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Президент Франция халқын құттықтады Алматы әкімі Дархан Сатыбалды спорт инфрақұрылымын жаңғыртуды тапсырды Сұлтан Сәрсемәлиевке сот үкімі шықты Жамбас сұрасаң, қабырға береді: Базардағы етке сүйек қосып сату айласына вице-министр де алданған Маусымдағы аптап ыстық Еуропада 10 мыңнан астам адамның өмірін қиды Анастасия Рыпакова Азия чемпионатында күміс алып, сәтсіздіктер сериясын тоқтатты Президент Франция халқын құттықтады Алматы әкімі Дархан Сатыбалды спорт инфрақұрылымын жаңғыртуды тапсырды Сұлтан Сәрсемәлиевке сот үкімі шықты Жамбас сұрасаң, қабырға береді: Базардағы етке сүйек қосып сату айласына вице-министр де алданған Маусымдағы аптап ыстық Еуропада 10 мыңнан астам адамның өмірін қиды Анастасия Рыпакова Азия чемпионатында күміс алып, сәтсіздіктер сериясын тоқтатты

Мектеппен де өмірмен де қоштасу: Алматы облысында cыныптасын шампурмен өлтірген бозбала сотталды

Мектеппен де өмірмен де қоштасу: Алматы облысында cыныптасын шампурмен өлтірген бозбала сотталды

Алматы облысында мектеп бітіру кеші кезінде сыныптасының қолынан қаза тапқан 11-сынып оқушысы Әлібидің өліміне қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

Бір жылға жуық уақыт бойы тергелген бұл даулы іс заң талаптарына сай жабық есік жағдайында қаралды. Сот шешімімен кәмелетке толмаған баланы өлтіру бабы бойынша кінәлі деп танылған күдікті жасөспірім 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айыпталушы тараптың үкімге наразылық білдіріп, апелляциялық шағым түсіргеніне қарамастан, облыстық сот алқасы алғашқы шешімді күшінде қалдырды.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, қайғылы жағдайға себепкер болған И. есімді азамат Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 14-тармағымен (көрінеу кәмелетке толмаған адамды өлтіру) айыпталған. Сот алқасы істің барлық мән-жайын тексере келе, оның кінәсін толықтай дәлелдеп, тиісті жаза мерзімін кесті.

Сотталушының қорғаушылары алғашқы сот үкімімен келіспей, істі облыстық сотта қайта қаратуға тырысқан. Алайда жоғары тұрған сот алқасы жасалған қылмыстың ауырлығын ескеріп, бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы ұйғарым шығарды. Осылайша, қайғылы оқиға бойынша шыққан ресми үкім заңды күшіне енді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →