Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады • Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады •

    1 миллион теңгелік мектеп бітіру: тыйым керек пе, әлде еркіндік пе?

    1 миллион теңгелік мектеп бітіру: тыйым керек пе, әлде еркіндік пе?
    Фото: inbusiness.kz

    Асхат Аймағамбетов мектеп бітіру кештеріне қатысты қоғамда үлкен талқылау туғызған мәселеге пікір білдіріп, бұл тақырыптың оңай емес екенін айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Оның сөзінше, бір жағынан мектеп бітіру — оқушы өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі. 11 жылдық еңбектің нәтижесі ретінде түлектер де, ата-аналар да есте қаларлық, салтанатты кеш өткізгісі келеді.

    Бірақ мәселенің екінші жағы да бар. Депутаттың айтуынша, кейбір ата-аналар үшін бітіру кештері тым қымбатқа түсіп отыр — шығын кей жағдайда 300 мыңнан бастап, 500 мың, тіпті 1 миллион теңгеге дейін жетеді. Бұл жағдай қоғамда әлеуметтік теңсіздік сезімін күшейтіп, балаларға да психологиялық қысым түсіруі мүмкін.

    Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің мұндай шараларға шектеу қарастыруы — ең алдымен қауіпсіздік пен әлеуметтік әділеттілік мәселесінен туындап отыр.

    Алайда Аймағамбетов маңызды бір жайтты ерекше атап өтті: мектептегі ресми шаралар ешқайда жоғалып жатқан жоқ.

    Соңғы қоңырау, мектеппен қоштасу, ресми бітіру кештері — бәрі сақталады. Тыйым” деген түсінік бұл жерде толық емес. Негізгі талқыланып отырғаны — қымбат бейресми кештер мен бақылаусыз өтетін мерекелер.

    Дегенмен қоғамда тағы бір алаңдаушылық бар: егер мектеп ішіндегі формат қатаң шектелсе, түлектер сыртта — коттедждерде, мейрамханаларда, бақылаусыз түрде жиналуы мүмкін деген қауіп айтылып жүр.

    Бұл да өз кезегінде қауіпсіздік тәуекелін арттырады. Қазір негізгі шешім құзырлы министрліктердің қарауында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →