Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады • Ақын Гүлзада Ниетқалиева өмірден өтті • Усман Нұрмагомедовтің UFC-дегі дебютіне қарсылас белгіленді • Нұрлыбек Нәлібаев: 470 млрд теңгелік жол жобалары 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін • Ақтөбе – Ұлғайсын тасжолының 28 шақырымы төрт жолақты болып ашылды • «20 жылдан бері террористпін»: Тікелей эфирде орынсыз мәлімдеме жасаған екі әйел жауапқа тартылды • Айдар Арғымбаев «Қайраттың» «Аталантаға» қарсы матчтағы қиындықтарын атады •

    10 минуттық виньетка үшін 50 мың теңге? Депутат ата-аналарды қинаған жүйені сынға алды

    10 минуттық виньетка үшін 50 мың теңге? Депутат ата-аналарды қинаған жүйені сынға алды

    Фото: Pixabay

    Асхат Аймағамбетов балабақша мен мектептегі түрлі мерекелік шаралар туралы пікір білдіріп, кей жағдайларда олар “бәсекеге” және “көрсетілімге” айналып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Оның сөзінше, балабақшадағы қоштасу, мектептегі әр сыныппен немесе кезеңмен қоштасу сияқты дәстүрлі шаралар көбіне бастапқы мағынасынан алыстап, “жалған бедел жарысына” айналып кетеді.

    Депутат әсіресе виньетка жасау мәселесін сынға алды.

    «Қазір кейде виньетка үшін ондаған мың теңге жұмсалады. Ал оны мен өз телефоныммен 10 минутта-ақ жасап бере аламын. Сонда біз не үшін мұндай қомақты қаржы төлеп отырмыз?» — деді ол.

    Аймағамбетовтің айтуынша, қоғамда кейбір ата-аналар артық шығынға мәжбүр болып, қажетсіз бәсекеге тартылып кетеді. Оның пікірінше, мұндай үрдіс әлеуметтік тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да дұрыс емес.

    Сонымен қатар ол министрліктің ұстанымын да түсінетінін жеткізді.

    Депутат бұл жерде біржақты тыйым туралы емес, мәселені екі тараптан да қарау қажеттігін айтты:
    бір жағынан — ата-аналардың шығыны мен қысымы, екінші жағынан — ресми мерекелердің тәрбиелік мәні.

    «Мектептегі қоштасу, бастауышпен қоштасу сияқты салтанатты сәттер сақталады. Ешқандай мереке жойылып жатқан жоқ», — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →