Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды •

    «Қолдау күтемін»: продюсер ағасын «зорлады» деп айыптаған жігіт мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

    «Қолдау күтемін»: продюсер ағасын «зорлады» деп айыптаған жігіт мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Күні кеше желіде өзін продюсер ағасы зорлағанын айтқан қазақстандық Нұрғали Нұғман есімді жігіт тағы да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Ол телеарнаның атын бағдарламамен шатасқанын айтты.

    Айтуынша ол «Балапан» телеарнасын айтып, шатасып кеткен.

    «Менің көкем зорлады деген видеоны көрген шығарсыздар. Негізі ол жерде «Балапан» телеарнасын «балапан» коммерциялық проектісімен шатастырыппын. «Балапан» телеарнасының ұжымынан кешірім сұраймын және олардың еңбектерін өте қатты бағалаймын. Осы жағдай жайлы сұхбатқа шақырсаңыздар толықтай айтып бере аламын. Бұл ақиқатты көлеңкеде қалдырғым келмейді, сіздерден қолдау күтемін. Өйткені біздің елімізде өте көп болып кетті. Және сондай зардап шеккен адамдардың бірі менмін», — деді ол.

    Желі қолданушылары Нұрғали Нұғманға қолдау көрсететіндіктерін жазуда.

    Бірнеше танымал журналистер сұхбатқа шақыратынын айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →