Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Павлодарда мыңдаған мұғалімнің жеке дерегі тарап кеткен

    Павлодарда мыңдаған мұғалімнің жеке дерегі тарап кеткен
    Фото: Depositphotos.com

    Прокуратураның мәліметінше, қала мектептері медициналық тексерулерге арналған сатып алуларды жариялау кезінде артық ақпаратты енгізіп жіберген. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Нәтижесінде құжаттар ішінде қызметкерлердің анкеталық мәліметтері, тұрғылықты мекенжайлары мен телефон нөмірлері жарияланып кеткен.

    Осылайша 2065 адамның жеке дерегі кез келген адамға қолжетімді болған. Қадағалау органы бұл жағдайдың заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар қауіп төндіретінін атап өтті. Себебі мұндай ақпаратты алаяқтар өз мақсатында пайдалануы мүмкін.

    Тексеру қорытындысы бойынша барлық деректер ашық қолжетімділіктен алынып тасталды. Ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →