Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Маңғыстаудағы кен орнында құбыр жарылды

    Маңғыстаудағы кен орнында құбыр жарылды

    Фото: видеодан салынған скрин

    Оқиға «Өзенмұнайгаз» компаниясына қарасты №4 Мұнай газ өндіру басқармасының су айдау жүйесіндегі магистраль құбырының бойында болған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

    Осы оқиға бойынша аталған компания ресми жауап берді.

    -27 сәуір күні сағат 15:15 шамасында НСМ-4 сорғы станциясынан 3,8 шақырым қашықтықта (№38 ТҚ бұрылыс маңы) диаметрі 1020 мм болат құбырдың үстіңгі бөлігі тесіліп, су атқылады. Оқиға орнына жедел жеткен мамандар аз уақыт ішінде суды резерв желіге ауыстырды. Авария бригадалары мен арнаулы техника жұмылдырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құбырдан шыққан су таза теңіз суы болғандықтан қоршаған ортаға зиян келтірілген жоқ. Қазіргі уақытта жүйе штатты режимде жұмыс істеп тұр, — делінген хабарламада.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →