Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды •

    Байқоңырдан зымыран ұшырылды

    Байқоңырдан зымыран ұшырылды

    Фото: Роскосмос
    «Роскосмос» мәліметінше, кеме халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тоннадан астам жүк жеткізеді. Атап айтқанда: станцияға жанармай құюға арналған отын, экипажға арналған азық-түлік, ауыз су, санитарлық-гигиеналық құралдар және ішкі атмосфераны сақтауға арналған оттегі. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Сондай-ақ ашық ғарышқа шығуға арналған жаңа «Орлан МКС» скафандры да жіберілді. Ғарыш айлағынан «Прогресс МС-34» жүк кемесі тиелген «Союз-2.1а» зымыраны Халықаралық ғарыш станциясымен 28 сәуір күні сағат 05:01-де түйіседі деп жоспарланған.

    Бұдан өзге орбитаға «Нейроиммунитет» (стрестің иммундық және жүйке жүйесіне әсері), «Коррекция» (ғарышта сүйек массасының жоғалуы), «Биодеградация» (микроорганизмдердің материалдарға әсері) және «Сепарация» (суды регенерациялау жүйелерін жақсарту) тәжірибе жасау тапсырмалары жіберіліп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →